Алматыда тепловоз бен қоғамдық көлік соқтығысты
Алматыда тепловоз бен қоғамдық көлік соқтығысты. Зардап шеккендер бар.
Айдана Қуантхан, тілші:
Біз қазір Әуезов көшесі мен Гоголь көшесінің қиылысында тұрмыз. Қазір мұнда полиция мамандары жүр. Оқиға болған жер толық қоршауға алынған. Оқыс оқиға шамамен 11:40-тар шамасында болған. Нөмірі 88 бағыттағы автобус Әуезов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Гоголь көшесінде темір жол бойымен келе жатқан тепловозбен соқтығысқан. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан қоғамдық көліктің 6 жолаушысы зардап шекті. Жол апатының мән-жайы анықталуда. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының сөзінше, қазір дәрігерлер зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп, жарақат деңгейін анықтап жатыр.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Израиль Ливанға соққы беруді тоқтатқан жоқ
11.06.2026, 20:59
СІМ қазақстандықтарға Иранға бармауға кеңес берді
11.06.2026, 20:58
Халық табысын арттыруға арналған арнайы жоспар қабылданды
11.06.2026, 20:56
Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады
11.06.2026, 20:55
Шымкенттің жалпы өнім көлемі 6 трлн теңгеге жуықтады
11.06.2026, 20:53
Бүгін футболдан Әлем чемпионаты басталады
11.06.2026, 20:17
«Үлкен Алтай-2026» халықаралық конференциясы өтті
11.06.2026, 20:14
Қытайдың Цзянсу провинциясымен меморандумға қол қойылды
11.06.2026, 20:12