Астанада «Этнос күні» шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Этнос күні» шарасы өтті

03.07.2017

Астанада елорда күні мен «ЭКСПО» көрмесіне орай «Этнос күні» шарасы өтті. Кавказ мәдениетіне арналған бұл фестиваль 2-ші мәрте ұйымдастырылды. Іс-шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтары әзірбайжан, армян, және дағыстан ұлттарының мәдени орталықтарының концерттік-ойын-сауық бағдарламасын тамашалады. Жалпы, «Этнос күні» көрермендер шығыстың, кавказдың, еуропа мен славян мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, сондай-ақ, олардың әдет-ғұрыптарымен кеңінен танысып, қонақжайлылық пен мейірімділіктің әсем көрінісіне куә болды. 

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу