Таразда кембағал жанның үйін алдап алған алаяқ ұсталды
Таразда жұртты сансоқтырған алаяқ қамауға алынды. Ол алдымен ақыл есінде ауытқуы бар қарияның екі бөлмелі пәтері барын біліп, сатып алу шарттарына қол қойғызған. Сондай ақ 62 жастағы қарындасының да сеніміне кіріп, құжат рәсімдеп, нотариус шақырады. Сөйтіп кембағал жандардың баспанасын 9 млн теңгеге сатып жіберген.
Туыстары прокуратураға арызданғаннан кейін 25 жастағы күдікті ұсталып, пәтер иесіне қайтарылды. Сондай-ақ оның «үй алып беремін» деп тағы бір тұрғынның 2 млн теңгесін алғаны анықталды. Ал психикалық ауытқуы бар адамдарға қол қойғызып, құжатты рәсімдегені үшін нотариустың да үстінен іс қозғалды.
Үміт Мырзаева, қалалық прокуратураның аға прокуроры:
ҚР ҚК 190 бап, 3 тармағымен іс қозғалды. Қазір қылмыстық іс тергелу үстінде. Уақытша ұстау изоляторында санкцияланып, қамауда отыр. Қылмысқа қатыстылығы бары дәлелденген жағдайда 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» – «Брюгге»: Астанада қауіпсіздік күшейтілді
20.01.2026, 13:30
Интернет-алаяқтармен күрес күшейді
20.01.2026, 13:24
Сәбіз экспортына тосқауыл қойылмайды
20.01.2026, 13:21
Былтыр 913 мың адам жұмысқа кірген
20.01.2026, 13:18
Кәсіпкерлер салық режимін таңдап, хабарлама беруі керек
20.01.2026, 13:15
Курчатовта электр станциясы салынады
20.01.2026, 13:12
Р.Кенжеханұлы: Заң қазақ тілінде жазылуы керек
20.01.2026, 13:09
Әлеуметтік желіні балалардың пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін
20.01.2026, 13:06