Астанадағы қатты жел кранды құлатты
Астанада қатты желдің әсерінен аялдама әйнектері мен ғимарат қасбетінің бөліктері құлаған. Табиғи апат салдарын қала тұрғындары әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр.
Ал төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Сарыарқа ауданында құрылыс краны құлаған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты екінші ауысымның сабақтары 30 минутқа дейін қысқарды. Бұған дейін Елорадалықтар 6 және 7 қарашада қатты жел соғатыны туралы SMS-хабарламалар алған еді. Жіберілген ақпаратта жел жылдамдығы 30 м/с дейін күшейіп, көктайғақ болатыны ескертілген.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«TURGYNDAR AMANATY» жобасы басталды
12.05.2026, 20:59
Дәрігерлер орфан ауруын кешіктірмей анықтауға ден қойып отыр
12.05.2026, 20:57
Республикалық құмай тазылар жарысы өтті
12.05.2026, 20:53
Үстел теннисінен Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
12.05.2026, 20:52
Жаңа Конституцияға «Миранда қағидасы» енгізілді
12.05.2026, 20:50
Алдағы демалыс күндері LRT іске қосылады
12.05.2026, 20:15
Жаяу адамды басып кеткен әйелдің көлік жүргізу құқығы болмаған
12.05.2026, 20:13
Трамп Иранның бейбітшілік туралы ұсынысын қабылдамады
12.05.2026, 20:10