Түркияда газ жарылып, бір адам қайтыс болды
Түркияның солтүстік шығысында орналасқан Чорум қаласында көпқабатты үйде газ жарылып, 65 жастағы бір адам қайтыс болды. 33 адам жараланған. Ресми мәліметке сай 5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында табиғи газ жарылған. Жарылыстың қуатынан ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті.
Көршілес бірнеше үй мен көшеде тұрған автокөліктер де зақымданды. Бірінші қабаттағы дүкендер мен жұмыс орындары да қатты бүлінген. Қауіпсіздік мақсатында жарылыс болған ғимараттан бөлек, көршілес бірнеше үйдің тұрғындары басқа жерге көшірілді. Қазір газдың нақты неден жарылғанын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Әли Чалған, Чорум облысының губернаторы:
Жараланған 11 адам қазір ауруханада емделіп жатыр. Өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бір-екі күнде үйлеріне жіберіледі. Ал жарылыстан зардап шеккен өзге де тұрғындар арнайы қонақ үйлерге орналастырылды. Аз уақытта олардың барлық шығындары өтеліп, мемлекет тарапынан тиісті көмек көрсетіледі.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты
19.08.2026, 13:36
ЖИ орталығында алғаш рет халықаралық форум
19.08.2026, 13:23
Қытай қайта қонатын зымыранды сынады
19.08.2026, 13:20
29 штат Meta компаниясын сотқа берді
19.08.2026, 13:17
27 мың талапкер тамыз ҰБТ-сын тапсырды
19.08.2026, 13:15
Қарағандыдағы 5 мыңнан аса үйге газ қосылады
19.08.2026, 13:12
Әлеуметтік маңызы бар 11 ауру белгісі болса, тегін қызмет көрсетіледі
19.08.2026, 13:09
ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды жұмысқа оң баға берді
19.08.2026, 13:06