Ақмола облысында интернет алаяқтар тұрғындардан 550 млн теңге жымқырған
Ақмола облысында интернет алаяқтар 9 айдың ішінде 800-ден астам адамды сан соқтырып, 550 миллион теңге жымқырған. Әккі қулардың айласы күн сайын түрленіп жатыр. Көбі ғаламторда жалған хабарлама беріп алдаса, кейбірі құзырлы органдардың немесе банк қызметкерлерінің атын жамылып, тұрғындардың дербес деректерін ұрлайды. Өңірде мұндай қылмысты ашу көрсеткіші де өте төмен. Мәселен, жыл басынан бері қозғалған істің 16 пайызы ғана ашылған.
Нұрсәуле, қала тұрғыны:
Белгісіз нөмірден телефоныма қоңырау түсті. Дауыс иесі өзін банк қызметкері ретінде таныстырды. Дәл қазіргі сәтте менің атыма несие рәсімделіп жатыр деді. Мен байқаусызда енді алданып, сендім бұл шараға. Жіберген кодтың барлығын бастым. Бірақ бір ай шамасы өткенде менің атыма 1,5 млн теңге көлемінде несие рәсімделгенін білдім.
Сағындық Жантеміров, Ақмола облыстық Полиция департаментінің басқарма бастығы:
Айлакерлер қылмыстың ізін жабу үшін жалған нөмірлерді, арнайы қосымшыларды пайдаланады. Есепшоттағы қаржыны криптовалютаға немесе бәзбіреулердің атына аударып қана қолма-қол ақшаға айналдырады. Өздері көбінесе көрші елдердің аумағында отырып жұмыс істейді. Сондықтан мұндай қылмыспен күресу қиын.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қысқы Олимпиада: Бүгін түнде шорт-трекшілеріміз шығады
18.02.2026, 17:37
Ш.Сарыбаевтың еңбектері жиналған кітаптар таныстырылды
18.02.2026, 17:35
Маңғыстаудағы жерасты мешіттері ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін
18.02.2026, 17:33
Таразда Қараханидтер дәуірінен қалған «Төрткүл» керуен сарайын жаңғырта бастады
18.02.2026, 17:31
Мектептерде эко-сана жобасы қолға алынды
18.02.2026, 17:27
Ауданның қауіпсіздігі жедел басқару орталығы арқылы бақыланады
18.02.2026, 17:24
«Самұрық-Қазына» әлеуметтік жобаларға ₸124 млрд бағыттаған
18.02.2026, 17:21
Ақсу-Аюлы ауылында 200 отбасы баспаналы болды
18.02.2026, 17:19