Мәжілісте республика бюджеті талқыланды
Ұлттық қорға түсетін қаржыдан гөрі одан алынатын сома асып кетіп отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Мәжілісте республикалық бюджетті талқылау барысында айтты. Тимур Сүлейменовтің сөзінше, Ұлттық қордан алынған қаржы көлемі 5,6 триллион теңгеге жеткен. Бұл әлеуметтік өсіммен қоса, валюта нарығына қысым көрсетеді. Сонымен қатар «отандық бизнеске кедергі келтіреді» деді Ұлттық банк басшысы. Ал қор қаражатын көбейтудің жалғыз жолы – инвестициялық кірісті арттыру. Биыл оның көлемі 10,27% өсіп, 6,16 миллиард доллар болды. Сол арқылы Ұлттық қордың активтері 62,7 милиард долларға жетті.
Тимур Сүлейменов, Ұлттық банк төрағасы:
Бұл – проинфляциялық фактор, сондықтан да монетарлық саясатымызды тезірек жеңілдетуге, базалық мөлшерлемені және банк кредиттерін, бизнес бойынша кредиттік мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік бермей отыр.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық реформа – ауқымды өзгерістің бастауы
23.01.2026, 21:09
60 мың тонна қоқыс қайта өңделді
23.01.2026, 20:39
Спорт саласының мамандары біліктілігін арттырып жатыр
23.01.2026, 20:34
Тұрғындар ауылдың дербес бюджеті болғанын қолдайды
23.01.2026, 20:30
Президент: Мәдени мұраларымыз жаһандық деңгейде танылуы тиіс
23.01.2026, 20:29
Жекеменшік мектептерді қаржыландыру қалай реттелмек?
23.01.2026, 20:20
«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша квота саны артты
23.01.2026, 20:17
Ауданның инфрақұрылымын дамытуға 61,8 млрд теңге инвестиция тартылды
23.01.2026, 20:16