Ақтауда жеткіншектің басына футбол қақпасы құлап, ауыр жарақат алды
Ақтауда 11 жасар қыздың басына футбол қақпасы құлап, ауыр жарақат алды.
Жеткіншек дәрігерлердің арқасында аман қалған. Алайда бетінің тең жартысын тігуге тура келді. Оқиға №2 шағын аудандағы 71-үйдің жанында футбол алаңында болған. Зардап шеккен қыздың әжесі алаңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, темір қоршаулардың әр жерде қалғанын айтады. Немересінің басына бекітусіз тұрған футбол қақпасы құлаған. Осы оқиғаға қатысты сапасыз құрылыс дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тамара Бөлтекова, Ақтау қаласының тұрғыны:
Ол тек қана қақпа ғана емес, үлкен сеткі темір қоршаулары болды. Сол темірлер де әр жерде жатты. Негізі қақпа бос тұрған екен. Ол жерге апасымен бірге ойнап шыққан.
Ербол Кенжевалов, Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының нейрохирург дәрігері:
Бала келіп түскендегі диагнозы жабық бас ми жарақаты. Маңдай сүйегінің линиялық сынығы. Орташа ауырлықтағы бас миының шайқалуы. Қазіргі таңда баланың жағдайы орташа ауыр.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07