Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі Грекияда көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі Грекияда көрсетілді

26.05.2017

Режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі Грекияда көрсетілді. Мәдени шараны еліміздің Грекиядағы елшілігі Жеңістің 72 жылдығына әрі Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай ұйымдастырды. Грекияның қоғам қайраткерлері, саясаткерлері мен осы елде тұратын байырғы қазақстандық гректер туындыны сілтідей тынып тамашалады.

Ананың 30 жыл бойы ұлынан күдерін үзбей, жолын күтуі көрермендерді тәнті етті. Еліміздің Грекиядағы елшісі Алексей Волков осындай мәдени шаралар екі ел арасындағы достықты одан әрі нығайтатынына сенім білдірді.  

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу