Түркістан театрына  Райымбек Сейітметов  есімі берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан театрына  Райымбек Сейітметов  есімі берілді

22.05.2017

Түркістан сазды драма театры енді  өнер майталманы, режиссер, халық әртісi Райымбек Сейітметовтың есімімен аталады.  Мұндай қуанышты хабарды күллі  Оңтүстік жұртшылығы шынайы ризашылықпен қабыл алды. Өйткені, Түркістан топырағында тап осы театрдың  негізін қалап, оның әрі қарай дамуына Райымбек Сейітметов өлшеусіз еңбек сіңірген болатын. Театр сахна шымылдығын түргелі бері ұлттық драматургиямызбен  қатар, түркі елдерінің өнер арқылы өзара бірігуіне, ынтымағы мен достастығына елеулі үлес қосты. Театр ұжымы, әсіресе «Яссауи қасиеті», «Біз Көк түріктеріміз», «Ең әдемі келіншек» секілді пьесалары  арқылы түркі жұртшылығына кеңінен танымал болды. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу