Көкшетауда 35 отбасы баспаналы болды
Республика күні қарсаңында Көкшетау қаласында үй кезегінде тұрған 35 отбасына пәтер кілттері табысталды.
Оның 19-ы көпбалалы жанұя. Өзгесі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен ауған соғысының ардагерлері. Жалпы, облыс орталығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін 10 мыңға жуық адам кезекте тұр. Жыл басынан бері 100-ден астам баспана пайдалануға берілген. Тағы 900-ге жуық отбасыға пәтер кілттері табысталмақ.
Жадыра Рамазанова, қала тұрғыны:
Қуанышымда шек жоқ. Отбасымызбен туыстарымыз бәріміз қуанып жатыр. Мен өзім осы пәтерге көпбалалы ана ретінде жеті жылдан астам кезекте тұрдым. Баспана алып жатқан Сарыарқа ауданы өзімізге ұнайды. Ол жақта балаларға балабақша бар, мектеп бар. Түгелі орналасқан.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20