Алматыда «Олжас және жастар» поэзия фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Олжас және жастар» поэзия фестивалі өтті

16.05.2017

Шарада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов студенттерге жалынды жырларын оқып, тағылымды әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, атақты ақын Елбасының «Рухани жаңғырудан» туындайтын жарқын жобаларын түсіндіріп, болашақ ауыл шаруашылығы мамандары қазақтың тамырлы тарихын терең білу керектігін де айтты. Шайырмен емен-жарқын жүздесіп, тілдескен белсенді жастар да Мемлекет басшысының мақаласын іске асыруға бар күш-жігерін жұмсап, алтын бесік ауылды гүлдендіру үшін тынымсыз еңбек ететіндіктерін жеткізді.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу