Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін ел ұмытпайды
Алматыда Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен ерлік жолын көрсететін көрме ұйымдастырылды. Келушілерге Мемлекеттік орталық музей қорында сақталған фотоматериалдар мен батырдың жеке заттары ұсынылды. Экспонаттардың арасында ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Германияны жеңгені үшін» медалі және бұрынғы Совет аудандық кеңесінің депутат куәлігі бар.
Сонымен қатар, қонақтар көрмеде «Булатов, Қошқарбаев 674 СП» деген жазуы бар Рейхстагқа тігілген тудың көшірмесін көре алады. Майдангер – Берлиндегі Рейхстагқа алғашқы жеңіс туын тіккен қазақ. Тарихи ерлігін небәрі 21 жасында жасаған батырдың дүниеге келгеніне биыл 100 жыл.
Шахмардан Әбілов, Қазақстанның халық әртісі:
Ағамыздың 100 жылдық тойының аталып өтуі Қазақстанның жастары, патриот балалары үшін қажет. Олар өз елін қорғайтын, елі үшін білім алып, оқитын, өнерде жоғары сатыда тұратын азаматтар болуы керек. Сол азаматтың бірегейі - әлемге өзінің батырлығымен танылған Рақымжан ағамыз.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасының алғашқы түлектері оқуын аяқтады
12.07.2026, 11:25
Испания құрамасы жартылай финалға өтті
11.07.2026, 20:09
Үй шаруасына арналған робот
11.07.2026, 20:08
Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды
11.07.2026, 20:07
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
11.07.2026, 20:07
«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
11.07.2026, 20:06
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
11.07.2026, 20:05
Саяси реформалар ел дамуына жаңа серпін береді
11.07.2026, 20:05