Алматылық жас суретшілер соғыс ардагерлеріне тарту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық жас суретшілер соғыс ардагерлеріне тарту жасады

08.05.2017

Алматылықтар мереке күндерін өте тиімді өткізіп жатыр. Өйткені, шаһардың әр ауданында түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мәселен, бүгін Тұңғыш Президент саябағына келгендер суретшілер байқауына еніп кеткендей күй кешті. Әбілхан Қастеев атындағы техникалық дизайн және сурет мектебінің жиырмадан аса оқушысы ашық аспан астында түрлі тақырыпта сурет салды.

Болашақ қылқалам шеберлерінің дені Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңін кескіндесе, өзгелері бүгінгі бейбіт өмірді бейнеледі. 

Мирас МҰҚАШ 

Хабарламаларға жазылу