Қоғам қайраткері Ж.Тәшеновке арналған «Жұмабек жолы» журналы  жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғам қайраткері Ж.Тәшеновке арналған «Жұмабек жолы» журналы  жарыққа шықты

26.04.2017

Мемлекет басшысының елімізді рухани жаңғыруға бағытталған мақаласында елімізге еңбек сіңірген қайраткерлердің тағылымды өмірін жастарға үлгі ету міндеті қойылған. Осыған орай, Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневке арналған «Жұмабек жолы» республикалық тарихи қоғамдық журналы жарыққа шықты. Басылымның алғашқы санында Жұмабек Тәшеновтың Хрущев кезіндегі КСРО-ның  тоталитарлық саясатынан именбей, жеріміздің солтүстік бөлігін қорғап қалғаны жайлы нақты деректер бар. Журналды шығарушылар тарихи маңызды басылымда келешекте нақты үлгілі ісімен өнеге болған қайраткерлердің еңбектерін жариялап отырмақ. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу