«Қазақстан» телеарнасы отандық телехикаялар өндірісін арттырып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телеарнасы отандық телехикаялар өндірісін арттырып келеді

14.04.2017

Бүгін «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин мен Қырғыз Республикасының Қоғамдық Телерадиотарату корпорациясының Бас директоры Илим Карыпбеков серіктестік туралы меморандумды бекітті.

Құжатқа Бішкекте өткен «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның сериалдық өнімдерін таныстыру аясында қол қойылды.

Шараның мақсаты – Қазақстан және Қырғызстан арасында меншікті кино және телехикая өнімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттыру.

ҚР Үкіметінің қолдауымен «Қазақстан» телеарнасы жылдан-жылға отандық телехикаялар өндірісін арттырып келеді. 2009-жылы алты бөлімді «Ағайынды» драмасы өндірілді. Бүгінгі күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген түрлі жанрдағы 62 телехикая көрерменге жол тартты. Олардың арасында ең танымалдары - «Ағайынды», «Көк тарландары», «Сырғалым», «Аяулы арман», «Әке», «Іңкәр жүрек».

Бішкектегі шараға Қырғыз Республикасының 14-тен астам телеарнасы қатысты.

 

 

Хабарламаларға жазылу