Евгений Евтушенкомен қоштасу рәсімінде шетелдегі достарының атынан Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов сөз сөйледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Евгений Евтушенкомен қоштасу рәсімінде шетелдегі достарының атынан Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов сөз сөйледі

12.04.2017
Евгений Евтушенкомен қоштасу рәсімінде шетелдегі достарының атынан  Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов сөз сөйледі

Қаралы жиын Мәскеу қаласындағы әдебиетшілердің орталық үйінде өтті. Қаламгерді соңғы сапарға шығарып салуға мыңдаған адам келді. Шара кезінде ақынның өлеңдері оқылып, ол жайлы естеліктер айтылды.

 

Марқұмның шетелдегі достарының атынан ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов сөз сөйледі. Жиналған қауым «Евтушенкомен бірге тұтас бір ұрпақ өмірден өтті», деген ойларын айтты. Ақын Мәскеу облысындағы Переделкино зияратына Борис Пастернактың жанына жерленді.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу