Атырауда 130 отбасы баспаналы болды
Қала күні қарсаңында атыраулық 130 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтер кілттері ұзақ жылдар бойы үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Баспанамен қамтамасыз ету үшін мемлекет қазынасынан 4 млрд 200 млн теңге бөлініп, осы пәтерлер сатып алынған. Қоныс тойын тойлағандар қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасылар бар. Жыл соңына дейін тағы да үй беру жоспарда бар. Осылайша жергілікті билік қалада қат боп тұрған баспана мәселесін біртіндеп шешпек. Жалпы қазір облыс орталығында 20 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр.
Әміре Жангереев, қала тұрғыны:
Жаңа пәтер, іші кең, жақсы жарқырап тұр. 16 жыл бойы күттім мен осы үйді кезекте тұрып. Қуанышымызда шек жоқ.
Шәкір Кейкін, Атырау қаласының әкімі:
Самал, Береке ықшам ауданында жыл соңына дейін қолданысқа берілетін пәтерлеріміздің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Көп ұзатпай қараша, желтоқсан айына дейін тағы да бірнеше тұрғын үй пәтер кілтін табыстаймыз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сарайшықтан теңдесі жоқ жәдігерлер табылды
06.03.2026, 17:37
Семейде «Таза Қазақстан» акциясы балабақшадан басталады
06.03.2026, 17:36
Дәстүрлі өнерді дәріптейтін таланттар Шиеліде қалыптаса бастады
06.03.2026, 17:32
ЖИ білім беру саласының мүмкіндігін кеңейтеді
06.03.2026, 17:30
Үздік ұстаздар марапатталды
06.03.2026, 17:27
Қорғаныс саласында 13 мыңнан аса қыз-келіншек қызмет атқарады
06.03.2026, 17:25
Елімізде 13 мыңдай әйел ғылыми зерттеумен айналысады
06.03.2026, 17:23
Тараздағы студент бір жылда миллионерге айналған
06.03.2026, 17:21