Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру биыл басталады
Көктемгі егіс жұмыстарына фермерлерді қаржыландыру биыл басталады. Бұл туралы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұмағарин Қостанай облысында фермерлерімен кездесуінде айтты. Вице-премьер егіс алқабында мемлекеттік қолдау шараларын талқылады. Шаруалар көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру туралы жаңалықты қуана қабылдады. Олар сондай-ақ 4-сыныпты бидайды форвардтық сатып алу бағасы қанша болатынына қызығушылық танытты. Премьер-Министрдің орынбасары фермерлердің бағаға қатысты сауалдарын тыңдап, Азық-түлік корпорациясына оның мөлшерін мүмкіндігінше тезірек жариялауды тапсырды. Дейтұрғанмен, фермерлерді қолдау үшін бюджеттен бөлінетін қаражат ұлғаяды.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Көктемгі-күзгі дала жұмыстарына жеңілдігі бар қаржыландыру көлемін 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтамыз, оның шамамен 40%-ы «Даму» қоры арқылы кепілдендіріледі. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке кредиттеу көлемі 100 млрд теңгеден 200 млрд теңгеге дейін өседі. Нәтижесінде жыл сайынғы жұмыстарды қамтамасыз ету үшін фермерлерді қолдау сомасы 900 млрд теңгеге дейін ұлғаяды.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қысқы олимпиада алауы Грекиядан Италияға жеткізілді
05.12.2025, 13:22
Петропавлдық азамат ретро көлік коллекциясын жинайды
05.12.2025, 13:20
Балаева: Волонтерлікті мемлекеттік қолдаудың біртұтас жүйесі қалыптасты
05.12.2025, 13:17
Павлодарда «Жасыл квиз» іс-шарасы өткізілді
05.12.2025, 13:15
«Жас Сарбаз» қозғалысының құрамы 286 мыңға жетті
05.12.2025, 13:09
Қазақстан контингенті Голан жоталарын минадан тазалауда
05.12.2025, 13:06
Астанада ұстаздар арасында алғаш рет Bridge hub өтті
05.12.2025, 13:03
Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқ залына енді
05.12.2025, 10:45