Шетелдік балалар бестеллері қазақшаға аударылады
Шетелдік балалар бестеллері қазақшаға аударылады. Бұл туралы Елордада өтіп жатқан «Astana media week» апталығындағы сессияда айтылды. Дәстүрлі шарада Халықаралық БАҚ өкілдері мен отандық журналистер балалар контентін талқылады. Қазіргі өскелең ұрпақтың дұрыс қалыптасуына, кішкентайынан көретін арналар тікелей әсер етеді дейді. Сондай-ақ мектептерде буллингті азайтуға көмектесетін психологиялық кітапты ұсынды. Ол арқылы балалар бір біріне мейірімділік пен жанашырлық танытуға мүмкіндік береді дейді.
Ойстейн Кристиансен, норвегиялық суретші, тележүргізуші:
Балалар тек телеарнаны ғана емес, қаптаған әлеуметтік желілерді де қарайды. Оларға дұрыс жол көрсету үшін жасап жатқан контентті бұрынғыдан да қызығырақ ету керек. Әрі достықты дәріптейтін жобаларды көбейту маңызды. Сондай-ақ мектептерде эмоциямен алмасатын, балалар бір бірімен сыр шертетіндей сабақтар өткізген жөн. Мәселен біз ұсынған кітапшада балалар арасындағы мейірімділікті оятуға көмектесетін тәсілдер жазылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты қыза түсті
14.06.2026, 20:38
Былтыр Байқоңыр ғарыш айлағына 2 мыңнан астам турист келген
14.06.2026, 20:35
Балабақшада видео түсіру тәрбиешілерге артық жүктеме емес пе?
14.06.2026, 20:30
Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолы қандай?
14.06.2026, 20:20
Баспана құны жоғары, сұраныс төмен: Тұрғын үй нарығын не күтіп тұр?
14.06.2026, 20:18
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
14.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
14.06.2026, 13:48
Мал шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі
14.06.2026, 12:19