Оңтүстік Қазақстан облысында өңірдің ең үздік келіні анықталды

15.03.2017

«Пай, пай, қазақтың келіндері-ай!» деп аталған байқау барысында бүгінгі қазақ келіндері ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық салт-дәстүрлерімізге қаншалықты жетік екендерін танытты.

Әжелердің ақ  батасымен басталған сайыста олар ұлттық тәрбиенің кәусәр бұлағы бесік жырын  орындады. Байқау қатысушылары ән айтып, би де биледі. Сондай-ақ, сұрақ жауап  сайысында келіндердің ой-өрісі мен танымы да  байқалды.

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған байқау осымен екінші рет өткізіліп отыр.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу