8 наурызда «Қазақстан» телеарнасынан «Дисней» ұсынған «Күлбике» фильмінің кейіпкерлері қазақша сөйлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

8 наурызда «Қазақстан» телеарнасынан «Дисней» ұсынған «Күлбике» фильмінің кейіпкерлері қазақша сөйлейді

06.03.2017
8 наурызда «Қазақстан» телеарнасынан «Дисней» ұсынған «Күлбике» фильмінің кейіпкерлері қазақша сөйлейді

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Дисней» компаниясының «Күлбике» көркем фильмін қазақ тілінде ұсынады.

Айта кетсек, «Күлбике» «Болашақ» қауымдастығымен қазақ тіліне аударылған фильмдердің арасындағы оныншы жоба. Ал, «Қазақстан» телеарнасы - еліміз бойынша өз көрермендеріне «Дисней» жобаларын ұсынып отырған алғашқы хабар таратушылардың бірі.

Әлемге танымал ертегіні  алғаш рет осыдан 300 жыл бұрын француз жазушысы Шарль Перро жазған болатын, ал кейіннен ағайынды  Гриммдер де өз нұсқасын тарту етті.

Махаббат туралы танымал туындыны әр жылдары әлемнің түрлі киностудиялары да экранизациялады. Анимациялық фильм ретінде 1950 жылы әлемге әйгілі «Дисней» студиясында жарық көрді. Арада 65 жыл өткен соң «Дисней» ең танымал ертегіні кино форматында қайта шығарады. Фильм режиссері  Кеннет Бран Америка киноакадемиясының «Оскар» сыйлығына 5 аталым бойынша ұсынылды: «Ең үздік режиссура үшін», «Ең үздік ер адам рөлі», «Екінші пландағы ең үздік ер адам рөлі», «Ең үздік сценарий сценарий» және «Үздік қысқаметражды көркем фильм»

Телеэкраннан Лили Джеймс, Кейт Бланшетт сынды голливудтық актрисалардың дауысы қазақ тілінде  дыбысталатын болады. Басты кейіпкер Лили Джеймсты Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Айнұр Бермұхамбетова, ал, Кейт Бланшетті Күнсұлу Шаяхметова дыбыстады.

Айта кетерлік жайт, ел тарихында алғашқы болып «Дисней» компаниясымен келісімшартқа отырған  «Қазақстан» телерадиокорпорациясы. Бұдан былай, ұлттық арна өз көрермендеріне Дисней компаниясының фильмдерін қазақ тілінде ұсынатын болады.

«Күлбике» көркем фильмін «Қазақстан» телеарнасынан 8 наурыз күні 16:30-да көре аласыздар!

Хабарламаларға жазылу