«Болашақ» бағдарламасының студенті Диас Әзімбаевтың «ULTIO» фильмі «Канн» фестивалінде көрсетілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» бағдарламасының студенті Диас Әзімбаевтың «ULTIO» фильмі «Канн» фестивалінде көрсетілмек

05.03.2017
«Болашақ» бағдарламасының студенті Диас Әзімбаевтың «ULTIO» фильмі «Канн» фестивалінде көрсетілмек

Қазақстандық «Болашақ» бағдарламасының студенті Диас Әзімбаевтың қысқаметражды  «ULTIO» фильмі 70-інші «Канн» фестивалінің Short Film Corner секциясына  Қазақстан атынан  ұсынылды.  Оған 100-ден аса елден 2000-нан аса қысқаметражды фильм қатысады.

Диас ұсынып отырған туындының мазмұны отбасылық-психологиялық драмаға құрылған. Ерлі-зайыптылардың және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас сипатталады.

Айта кетейік, «Канн» фестивалінің марапаттау  рәсімі осы жылдың мамыр айында өтеді.

Хабарламаларға жазылу