Маңғыстау облысында 67 бала астан уланды
Маңғыстау облысында 67 бала мектепте астан уланды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, кеше кешкілік Мұнайлы ауданында 21 оқушы іш ауруы мен дене қызуына шағымданып, жедел жәрдем шақырған. Ал, бүгін медициналық көмекке жүгінгендер саны 67-ге жеткен. 13 бала ауруханаға жатқызылған. Қалғандары амбулаториялық емге жіберілген. Олар дәрігерлердің жіті бақылауында. Жаппай уланудың себебін анықтау үшін қылмыстық іс тіркеп, тергеу жұмыстарын басталды.
Гүлжан Аманбекқызы, Маңғыстау облысы көпбейінді балалар ауруханасының директоры:
Келген көріністері құсу, іш өту, тұрақты қызу болуы. алғашқы көмек көрсетіліп, поркабинетте регидронмен су ішкізіліп, жағдайы тұрақтауына байланысты үй жағдайына жіберілді. Сынамалардың бәрі бактерологиялық лабораторияға жіберіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сарайшықтан теңдесі жоқ жәдігерлер табылды
06.03.2026, 17:37
Семейде «Таза Қазақстан» акциясы балабақшадан басталады
06.03.2026, 17:36
Дәстүрлі өнерді дәріптейтін таланттар Шиеліде қалыптаса бастады
06.03.2026, 17:32
ЖИ білім беру саласының мүмкіндігін кеңейтеді
06.03.2026, 17:30
Үздік ұстаздар марапатталды
06.03.2026, 17:27
Қорғаныс саласында 13 мыңнан аса қыз-келіншек қызмет атқарады
06.03.2026, 17:25
Елімізде 13 мыңдай әйел ғылыми зерттеумен айналысады
06.03.2026, 17:23
Тараздағы студент бір жылда миллионерге айналған
06.03.2026, 17:21