5 қыркүйек – ұлт көсемі, халық жанашыры, қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Осыған орай Алматыда ақын, ағартушы, ғалымның құрметіне алғаш рет ашық аспан астында конференция өтті. «Ахмет. Алаш ардақтысы» кітабы таныстырылды. Қайсар қайраткер әрбір қазақ баласының ана тілінде сауатын ашуына мұрындық болып, «Әліппе» оқулығын құрастырды.
Елімізде ұлт көсемінің есімі бір ауылға, 200-ден астам көше мен 40-тан астам мектепке берілген. Сондай-ақ әуежай, мұражай, жоғарғы оқу орны да ұлы ағартушының атымен аталады. «Ахаң жүз жылда бір туатын,бірақ артына мың жылға татитын рухани мұра қалдырған ұлы тұлға», - дейді ахметтанушылар. Айтулы күнге орай Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйі тағы да тың жәдігерлермен толықты.
Райхан Имаханбет, А.Байтұрсынұлы атындағы мұражай-үйдің директоры, ахметтанушы:
Оның ішінде Ахметтің қолы тиген, көзі тірісінде жарыққа шыққан кітаптар, әсіресе «Тіл құрал» 3 кітаптан тұрады. Одан бөлек ең әсем, көркем жазу Ахмет Байтұрсынұлының Алматыдағы тұңғыш мемлекеттік университетте профессор лауазымында сабақ берген кезде өз қолымен толтырған өмірдеректері.
Ермұхамбет Маралбек, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты ахметтану бөлімінің меңгерушісі:
Біз жас мамандарды тартып, ахметтанушылар шоғырын қалыптастыруға, жәй емес, ахметтанушы болу үшін ол әмбебап тұлға, оған өзіндей деңгей болмаса да, жазғанын түсінетін терең адам керек.
Жазира Оразқызы