Түркияда сел жүріп, бір адам қайтыс болды
Түркияның бірнеше облысында қатты нөсердің соңы селге ұласып, көшелер көлге айналды. Кыршехир қаласында сел ағызып әкеткен бір адам қайтыс болды. Көлік ішінде болған тағы бір адам әлі де іздестіріліп жатыр. Су басқан аймақтардан жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Ел астанасы Анкарада жауыннан соң көшелерді су басып, көлік қатынасы қиындады. 32 адам құтқарылып, көлік ішінде қалып қойған 8 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Көптеген жұмыс орындары мен үйлердің төменгі қабаттары су астында қалған. Қазір селдің зардаптарын жою жұмыстары жүріп жатыр.
Мамандар Түркияның 11 облысында сел қаупі бар екенін айтады.
Абдуллаһ Мәжит, метеорология басқармасының маманы:
Мәрмәр теңізінің жағалауындағы қалаларда нөсер жауын болады. Бұдан бөлек Қара теңіз жағалауында да бірнеше күн бойы жаңбыр жауады деп болжап отырмыз. Басқа өңірлерде күн ашық, ыстық ауа райы сақталады. Кей жерлерде ғана жаңбыр жаууы мүмкін.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Былтыр Италияға 185 млн турист келген
12.02.2026, 10:33
Олимпиада 2026: Биатлон мен фристайл-могулдан жарыс өтті
12.02.2026, 10:31
Астанада Alem Tech Fest фестивалі басталды
12.02.2026, 10:29
БҚО-да сталкинг жасаған 2 ер адам сотталды
12.02.2026, 10:26
Шымкентте ағаш құлап, 10 жастағы бала қайтыс болды
12.02.2026, 10:25
Үндістанда шахтадағы жарылыс құрбандарының саны 30-ға жетті
12.02.2026, 10:24
Зеленский сайлау уақытын ақпанда жарияламайтынын мәлімдеді
12.02.2026, 10:22
Түркістан облысында өзен суы шайып кеткен көпір қайта салынады
12.02.2026, 10:19