Қазақстан мен Марий Эл республикасының арасында мәдениет саласында ынтымақ артпақ. Балет өнері, дәстүрлі музыка сияқты кей салаларда ортақ жобалар бар. Тіпті Мари халқының кейбір дәстүрлі музыкалық аспаптары қазақтың аспаптарына ұқсайды, - дейді мамандар.
Мәселен, «Ия ковыш», «Тамра» деп аталатын музыкалық аспаптарының қазақтың қобыз бен домбырасына ұқсастықтары бар. Марилер салт-дәстүрді дәріптейтін ұлттық музыкаға ерекше көңіл бөлуде. Сонымен қатар республикада үш мемлекеттік тіл бар.
Алевтина Акцорина, музей қызметкері:
Сондай-ақ марилердің тілінде «ә», «ө» сияқты әріптер де кездеседі. Жалпы біз өз ана тілімізді қадірлеп, орта мектептерде де оқытамыз, аудандарда таза өз тілімізде сөйлейміз. Ал қазақ халқына тағы бір ұқсастығымыз - қонақжайлығымыз. Себебі қазақтар қандай қонақжай екенін бәріміз білеміз, құрметтейміз.
Жалпы мари халқы мәдениет саласында ұлттық кодты сақтайтын, дәстүрді жаңғыртатын шығармалардың санын көбейтуге ниетті. Өнер саласында да Қазақстан мен Марий Эл республикасының арасында ынтымақ артпақ.
Константин Иванов, Марий Эл республикасы үкіметі төрағасының орынбасары, мәдениет, баспасөз және ұлттар істері министрі:
Мен өзім Астанадағы опера және балет театрында, Алматыда да өнер көрсеттім. Біздің әріптестігіміз жоғары деңгейде. Әсіресе балет өнері бойынша жиі бірге жарыстарға қатысамыз.
Әріптестіктің көкжиегін кеңейту басты мақсат. Сондықтан келер жылы сәуір айында ел астанасы Йошкар-ола қаласында өтетін халықаралық фестивальге Қазақстан өнерпаздары шақырылмақ.
Индира Бегайдар