ДДСҰ: Африканың вакцинацияға әзірлігі тексеріліп жатыр
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африканың маймыл шешегіне қарсы вакцинацияға дайындығын тексере бастады. Мұны осы агенттіктің өкілі Самуэль Боланд мәлімдеді. Қауіпті вирус Конго мен Конго Демократиялық Республикасында ондаған мың адамнан анықталып, Қара құрлықтың оннан астам еліне тарады. Одан жүздеген адам қайтыс болған. Осыған байланысты жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігі жаһандық деңгейде төтенше жағдай жариялағаны белгілі.
Ханс Клюге, ДДСҰ-ның Еуропадағы аймақтық директоры:
Маймыл шешегі жаңа ковид емес. Бірақ бұл вируспен аймақтар мен құрлықтарда бірлесіп күрескеніміз абзал. Шығыс және Орталық Африка елдерінде өршіген індет Еуропаға да жетті. Оның жаңа штамы жөнінде көп білеміз. Бірақ білмейтініміз де аз емес тәрізді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зейнетақы жинағымен емделу уақытша тоқтатылды
13.01.2026, 20:52
Цифрлық кодекс және азамат құқығы
13.01.2026, 20:49
Мәжіліс депутаттары «Пеноплекс» зауытының жұмыс барысымен танысты
13.01.2026, 20:25
Тапсырыспен жиһаз жасатар алдында алданып қалмау үшін нені ескеру керек?
13.01.2026, 20:23
Енді бекіре өсіретін шағын шаруашылықтар да субсидияға іліге алады
13.01.2026, 20:22
Елді елең еткізген жаһан жаңалықтары
13.01.2026, 20:20
Астана әлемдегі ТОП-100 қауіпсіз мегаполистің қатарына қосылды
13.01.2026, 20:19
М.Әуезов атындағы Ұлттық театрдың 100 жылдығына орай ғылыми конференция өтті
13.01.2026, 20:18