Негізгі шығыстар есепке алынады. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері әзірленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, көмекке мұқтаж үміткерлердің негізгі шығыстарын есепке алу және дәлелдігін айқындау тетігін пысықтап жатқанын хабарлады. Жауаптылардың айтуынша, өтініш берген азаматтарға олардың кірістері мен шығыстарын тексеруге келісім алу үшін SMS-хабарлама жібереледі. Нақтырақ айтсақ, жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті сатып алуға, оқу ақысы мен қосымша білім алуға, демалыс пен ойын-сауыққа, сауықтыруға, жиһаз, тұрмыстық техника заттарын сатып алуға, кредиттерді өтеу және басқа да шығыстарды қарастыру жоспарланып отыр. Айта кету керек атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге биыл бюджеттен 61 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.