Онлайн несиені шектеуге қатысты петиция жарияланды
Қазақстандықтар онлайн несиені шектеуге қатысты петиция жариялады. Бастамашыл топтың айтуынша, мұның жағымсыз тұстары өте көп. Өйткені несие алу жеңілдегенімен, әлеуметтік-экономикалық салдары ауыр. Мәселен оңай олжа деп онлайн несиеге жүгіну адамдардың қарыздық жүктемесін арттырады. Осал топтар арасында қаржылық тұрақсыздыққа әкеледі. Жоғары пайыздық мөлшерлеме салдарынан халықтың бұл тұзақтан шығуы өте қиын. Тіпті алаяқтық, ұрлық, бопсалау сияқты қылмысқа ұласқан фактілер аз емес. Сол себепті петиция авторлары онлайн несиеге біржола тыйым салуды ұсынып отыр. Әрі микроқаржы ұйымдарының қызметіне заң жүзінде бақылауды күшейту керектігін айтты.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
13.08.2026, 20:14
Елімізде туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
13.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
13.08.2026, 20:07
Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды
13.08.2026, 20:07
208 қатысушы ұлттық қолөнердің сырын үйренді
13.08.2026, 20:06
Құзырлы мекемелерде кадрлық ауыс-түйіске мораторий енгізіледі деген ақпарат – жалған
13.08.2026, 20:06
65 жастан асқан көлік жүргізушілерге жаңа талап енгізіледі
13.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталуға жақын
13.08.2026, 20:04