АҚШ: Иран Израильге осы аптада соққы беруі мүмкін
АҚШ барлау қызметінің дерегінше, Иран Израильге осы аптада шабуыл жасауы мүмкін. Мұны Ақ үй мәлімдеді. «Ассоушиейтид Пресс» агенттігінің хабарлауынша, Израиль армиясы ықтимал шабуылға мейілінше дайын отыр.
Пентагон Таяу Шығысқа атом сүңгуір қайығын жіберді. Өңірдегі ахуал Хамас басшысы Исмаил Ханияның қазасынан кейін ушықты. Иран шабуылға байланысты Израильді айыптап, одан кек алуға уәде берді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия мен Италия Иранды Израильге қарсы шабуыл қаупін тоқтатуға үндеді. Ал Хамас пен Израильді оқ атуды тоқтатуға шақырды. Қарсыласушы тараптар бейсенбіде Каир немесе Дохада келіссөзді қайта бастайды деп күтіліп отыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?
17.06.2026, 20:18
Орманды өрттен сақтау– ортақ міндет
17.06.2026, 20:16
«Балаларды қауіптен сақтаңыз!» акциясы басталды
17.06.2026, 20:16
Елімізде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
17.06.2026, 20:14
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қояды
17.06.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
17.06.2026, 20:12
Мемлекеттік грантты өтемегендерге қатысты 247 іс сотта қаралып жатыр
17.06.2026, 20:12
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін бірнеше өндіріс орны бар
17.06.2026, 20:10