Түркиядағы қазақтар Абай күнін атап өтті
Абай күні Түркияда да аталып өтті. Ыстанбұл қаласындағы Абай алаңында ақынның туған күніне орай қазақ ұйымдарының басшылары мен зиялы қауым өкілдері жиналды. Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының мұрындық болуымен өткен шарада хакім Абайдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгіме өрбіді. Қазақтар тығыз қоныстанған Зейтінбұрны ауданында орналасқан Абай ескерткішінің алды бүгінде қандастарымыз әрдайым бас қосатын жерге айналған. Бұл алаңда түрлі шаралар жиі өтіп тұрады.
Ерхан Йылдыз, «Қазақкент Алтай» қорының басшысы:
Біз Түркияда болсақ та, Қазақстандағы аталарымызды ұмытпай, олардың туған күнінде әртүрлі бағдарлама дайындаймыз. Бұдан бір ай бұрын домбыра күні болғанда мына жерде Абай атамыздың қасында Түркияда туып өскен қазақ балалары бір шара жасадық. Бәрі жақсы болды.
Зехра Жаналтай, Түркияда тұратын қазақ:
Біз алыста жүрсек те, Ыстамбұлда, Түркияда жүрсек те ақын атамызды Абайды еске аламыз. Бүгін сол үшін Түркия қазақтары Абай орталығында жиналып, еске алдық.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғын үй аумағында көлікті жөн-жосықсыз қоятындарға рейд басталды
15.04.2026, 20:35
«SuperStar KZ»: Үміткерлерді іріктеу жалғасып жатыр
15.04.2026, 20:31
«Селт еткен сезім» телехикаясы күзде көрермен назарына ұсынылады
15.04.2026, 20:29
Мәдениет пен руханият– ел дамуының темірқазығы
15.04.2026, 20:27
Атырауда білім ордасында экологиялық орталық ашылды
15.04.2026, 20:25
Жас ғалымдар жаңа баспаналарына қоныстанды
15.04.2026, 20:23
ШҚО-да Altay Busіness форумы өтті
15.04.2026, 20:19
«AMANAT» партиясы жаңа жоба бастады
15.04.2026, 20:18