Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев елге оралды
Елге оралған Париж Олимпиадасының грек-рим күресінен күміс жүлдегері Демеу Жадыраевты, әуежайдан туған-туыс, дос-жаран мен жанкүйерлер осылай, ерекше құрмет көрсетіп, мойнына көтеріп алып шықты.
Қолдап келгендердің қатарында Демеуге медеу болған анасы Күлипа Бижанова да бар. Жазғы Олимпиадада 77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен балуанымыз жартылай финалда Әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері Санан Сүлеймановты жеңген еді. Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұл салмақта бірде-бір спортшымыз Олимпиаданың финалында күреспеген. Қазақы салт-дәстүрмен Еуропа төрінен жеңіспен келген жүлдегерге шапан жабылды.
Демеу Жадыраев, Олимпиаданың күміс жүлдегері:
Әрине,ел үшін, жер үшін болғасын, барымызды салдық. Бұйырғаны күміс болды+ Кілем деген сондай нәрсе, бір күн былай, бір күн жеңесің, бір күн жеңілесің.
Күлипа Бижанова, Демеу Жадыраевтың анасы:
Талай жылғы еңбегі ғой, осы олимпиадаға барғанда орын алсам екен деп армандап барды, арманды орындалды баламның. Көк туымызды желбіретіп, Қазақстанымыздың байрағын көтергенде, бәріміз қуандық, үй-ішімізбен қуандық.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
Алтын Орда Еуразия шежіресін жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді - сарапшылар
19.05.2026, 20:05