Президент Жапония Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Президенті Жапония Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп, табиғат апатының салдары ауыр болмайды деп үміттенетінін айтты. Өз кезегінде Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапарын, соның ішінде «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммитіне қатысуын амалсыздан кейінге шегергенін өкінішпен жеткізді. Мемлекет басшысы жоспарланған сапардың кейінге қалуын түсіністікпен қабылдады. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида қазақ-жапон қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, өңіраралық ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыОтандық өнертапқыштардың қызықты жобалары ұсынылды
15.03.2026, 19:37
Депутаттар дауыс берді
15.03.2026, 19:36
Ақмола облысында еңбек ұжымдары белсенділік танытып жатыр
15.03.2026, 19:33
ҚР ІІМ: Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты
15.03.2026, 19:17
Түркістан облысында референдумда жастар белсенділік танытты
15.03.2026, 19:12
Алматыда депутат Азат Перуашев дауыс берді
15.03.2026, 19:05
Дауыс беру учаскелерінің жабылуына 1 сағат қалды
15.03.2026, 19:05
Өңірде 2800 байқаушы референдум барысын бақылап отыр
15.03.2026, 19:00