Қарағанды облысында жұмыссыздар арасынан 76 құтқарушы дайындалды
Қарағанды облысында жұмыссыздар арасынан 76 қоғамдық құтқарушы дайындалды. Олар қазір демалыс орындары мен жағажайларда қауіпсіздікті бақылап жүр. Биыл суға шомылу маусымы ашылғалы профилактикалық шаралар күшейтілді. Нәтижесінде былтырға қарағанда оқыс жағдайлар азайды. Осы жазда өңірде 6 адам суға батып кетті. Оның екеуі бала. Екі апталық оқу курсынан өткен құтқарушылар тоғандар мен көлдердің маңындағы демалыс орындарына да жіберілді. Бір ғана Қарағанды қаласының өзінде суға түсуге рұқсат етілмеген 21 орын анықталды. Ал жабдықталған арнайы 7 жағажай бар.
Данияр Ақылбек, құтқарушы:
Барлығын үйрендім қалай круг лақтыруды, қалай адамды құтқаруды, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді. Осыған дейін болды жағдайлар. Адамдар батты суға. Көмектестім.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07