Батыс Қазақстан облысында АЭС салу бойынша жария талқылау өтті
Батыс Қазақстан облысында атом электр стансасын салу бойынша жария талқылау өтті. Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері мұрындық болған жиынға өңірдің барлық ауданынан келген қоғам белсенділері қатысты. Энергетика министрлігі мен Ұлттық ядролық орталық, ядролық физика институтының сарапшылары атом электр стансасының артықшылығы мен қауіпсіздігі жайлы баяндады. Экобелсенділер атом энергиясын дамытуда экологиялық нормалардың қатаң сақталуы қажеттігін айтты. Мәселеге бей-жай қарамайтын өңір тұрғындары да ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейтесті сауалдарына жауап алды.
Гүлмира Мұрсалова, ҚР Энергетика министрлігі департамент директорының орынбасары:
Қазіргі уақытта халық түсінеді бізге электр энергиясы керек өз-өзімізді қамтамасыз ету үшін. Жаңартылған энергия көздеріне қарағанда, атом электр стансасы тұрақты жұмыс істейтін станция. Ал жаңартылған энергия көздері ауа райына тәуелді болғандықтан, тұрақсыз болып саналады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вашингтонда бүгін Израиль-Ливан келіссөзі өтеді
14.04.2026, 20:15
Вашингтон мен Тегеран келіссөздердің екінші раундын өткізу мәселесін талқылап жатыр
14.04.2026, 20:12
Ертеңнен бастап мобильді аударымдар тексеріледі
14.04.2026, 20:10
Елімізде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,5 пайызға өсті
14.04.2026, 20:07
Ажырасуға өтінім берген 400-ге жуық ерлі-зайыпты татуласты
14.04.2026, 20:05
«Қазақстан халқына» қоры: 134 қайырымдылық жоба бекітілді
14.04.2026, 20:05
Күніне 100-ден астам адамды ит қабады
14.04.2026, 20:05
Былтыр Жетісу облысына 610 млрд теңге инвестиция тартылған
14.04.2026, 20:04