Жайық өзеніне 13 жастағы үш қыз бала суға батып кеткен
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Мерген ауылында 13 жастағы үш қыз бала суға батып кетті. Оқиға Жайық өзені жағасында болған. Құтқарушылардың айтуынша қыздар шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен. Үшеуі де бір сыныпта оқыған. Жыл басынан бері өңірде 6 адам суға кетіп, көз жұмған. Олардың 4-еуі - бала.
Райымбек Шамаров, Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басқармасының офицері:
Біздің құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмысын жүргізіп, Жайық өзенінен белгіленбеген жерде шомылу кезінде суға батып кеткен кәмелетке толмаған үш қыз баланың денесін тапты. Су айдынындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыздар. Рұқсат етілмеген жерде шомылмаңыздар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07