Алматыда ауыл шаруашылығына қажетті жаңа орталық ашылды
Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ауыл шаруашылығын жандандыру үшін арнайы орталық ашылды. Онда кәсіби мамандар даярланып, ғылыми жобалар әзірленеді. Орталық Қытайдағы «Ланьчжоу» университетімен тікелей бірлесіп жұмыс істейді, яғни екі жақ өзара тәжірибе алмаспақ.
Ұстаздар мен студенттер арасында, алмасып оқыту бағдарламасы да жүзеге асады. Мақсат - екі елдегі жасыл және тұрақты ауыл шаруашылығын дамыта отырып, агросаланы ақылды технологияның көмегімен жаңа халықаралық деңгейге шығару.
Фараби Ермеков, ҚАЗҰАЗУ Ғылыми-білім беру технологиялық платформасының атқарушы директоры:
Бірінші ауа райының, температураның, ылғалдылықтың көрсеткіштерін қарап отырып, әр сағат сайын әр минут сайын өсімдікке қажетті қаншама көлемде ылғал қажет екенін есептей отырып ұсыным беріліп отыр. Шаруаға не істеу керек? Не болмаса ауру-сырқау келді, оны танудың жолы бір бөлек, ал енді нақты сыртқаттың түрін анықтағаннан кейін онымен күресудің жолын қалай қолдану керек? Қандай химикаттар пайдалану керек деген сияқты. Былайша айтқанда адами маманның орнына ақылды жүйе кеңес беріп отыр шаруаға.
Әйгерім Ердаулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Аваза саммиті: Қазақстан қандай бастамалар көтерді?
11.10.2026, 18:30
Контенттен кәсіпке дейін: Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалануға болады?
11.10.2026, 18:05
Зейнетақыны есептеу: Зейнетке шығарда нені ескеру керек?
11.10.2026, 17:58
Ұ. Мырзуанның өліміне қатысты сот ісі прокуратураға қайтарылды:Тағы кімдер жауапқа тартылады?
11.10.2026, 17:45
Жасанды интеллект егістікке жетті: Қазақстандық шаруалар жаңа технологияны қалай игеріп жатыр?
11.10.2026, 17:21
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15