«Бірлестік-2024» халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды
Маңғыстаудағы Оймаша полигонында «Бірлестік-2024» халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Қатысушы елдер Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның әскери контингенттері осы аумақтармен алдын-ала танысып шықты. Маңғыстаудағы меншікті тілшіміз Аягөз Оралбайқызы бізбен тікелей эфирге қосылды. Аягөз, бірлескен оқу жаттығудың ауқымы және мақсаты қандай?
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
«Бірлестік-2024» оқу-жаттығуы кезінде қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция дайындалып, жүзеге асырылмақ. Ақтауға келген шетелдік және Қазақстанның әскери қызметшілері Оймаша полигонында орналасқан штабта оқу-жаттығулардың жоспарын талқылап, әскери іс-қимылдар өтетін учаскелермен танысты. Жаттығудың негізгі бөлігі 14-17 шілде аралығында «Оймаша» полигонында, сондай-ақ Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жерде теңіз аумағында өтеді. Қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операцияға жердегі және әуедегі барлау топтары, теңіз арнайы күштері, армия мен майдан авиациясының экипаждары, әскери корабльдер мен катерлер, артиллериялық топтар, шабуылдаушы және танк бөлімшелері қатысады деп күтілуде.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дипфейкті түпнұсқадан қалай ажыратамыз?
17.02.2026, 20:09
Алаяқтықтың жаңа түрі: Банк карталарын бұғаттай бастады
17.02.2026, 20:07
Экологиялық автомобиль мен авиация отынын өндіретін зауыт салынады
17.02.2026, 20:06
Импорт көлемін азайтуға арналған бағыттар айқындалды
17.02.2026, 20:02
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен сөйлесті
17.02.2026, 20:00
XXV қысқы Олимпиадаға шолу
17.02.2026, 17:39
Алматылық әжелер өте ұзын сырмақ сырып, рекорд жасамақшы
17.02.2026, 17:38
СҚО-да түз тағыларын қолдан жемдеу маусымы басталды
17.02.2026, 17:36