Басты Жаңалықтар EURO 2024: Жартылай финал ойындары тікелей эфирде

EURO 2024: Жартылай финал ойындары тікелей эфирде

Алмания еліндегі ала доп аламаны аяқталуға жақын. Ертең және арғы күні жартылай финал ойындары өтеді. Алғашқы жұп, яғни Испания мен Франция құрамалары «Арена Мюнхен» алаңында кездеседі. Матч ертең біздің уақытпен 23:50-ге белгіленген. Ал 10 шілде күні Нидерланд пен Англия командалары бақ сынасады. Дортмунд стадионында болатын матч, түнгі 23:50-де басталады. Екі ойынды да Ұлттық арна да, Qazsport та тікелей эфирде трансляциялайды.

Бөлісу