Ыстамбұлда «Домбыра күні» аталып өтті
Ыстанбұл қаласында ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті. Қазақ қандастарымыз көп шоғырланған Зейтинбурну ауданындағы Абай алаңында, жастардан құралған шағын оркестр күй тартып, ән айтты. Олар осындағы домбыра үйірмесінің қатысушылары. Ашық аспан астында өткен концертті, жергілікті қазақтар ғана емес, бауырлас түріктер, сондай-ақ шетелдік туристер де тамашалады. Көрермендер/ өнерпаздармен бірге ән шырқап, кештің сәнін кіргізді. Ыстамбулдағы Бас консулдық ұйымдастырған кешке Зейтинбурну ауданының губернаторы мен жергілікті билік өкілдері де қатысты.
Әбдісамед Алтай, Халифа Алтайдың баласы, ыстанбұл қаласының тұрғыны:
Өте жақсы болды. Бұл қазақтың домбырасын әлемге танытуға да бір себеп болды. Бұл қазақтың домбырасы әркімнің төрінде ілулі тұрады. Сондықтан мен өзім де домбыраны жақсы көрем.
Седат Солакоғлы, домбыра үйірмесінің жетекшісі:
Ұлттық домбыра күнімен құттықтағым келеді. Бүкіл қазақ еліне құтты болсын. Біздің домбыра курсымыз 2023 жылы желтоқсан айында ашылды. Алты айдан бастап шәкірттерімізді дайындадық қазірше 30 шәкіртіміз бар. Өте жақсы көреді, күй ойнауды ән айтуды бәрі жақсы көреді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу үшін ОСК-ға құжат тапсырды
14.07.2026, 08:18
Табиғат жанашырлары бұлақ көзін тазартты
13.07.2026, 20:57
Жер учаскесіне мемлекеттік акт енді тек онлайн рәсімделеді
13.07.2026, 20:55
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мүмкіндіктері талқыланды
13.07.2026, 20:39
ӘЧ – 2026: Аргентина жартылай финалда
13.07.2026, 20:37
Петропавл қаласының құрылғанына 274 жыл толды
13.07.2026, 20:18
Райымбек ауданының 90 жылдығы тойланды
13.07.2026, 20:17
Халықаралық этнофестивальге 50 мыңға жуық адам келді
13.07.2026, 20:13