Бес елдің бірлесуінен басталған ШЫҰ бүгінде жер-жаһан халқының жартысына жуығын қамтыған үлкен ұйымға айналды. Бастапқыдағы басты ұстанымдары – қауіпсіздікті қаматамасыз ету болса, қазір әлемді алаңдатқан әртүрлі тақырыпты күн тәртібіне шығарады.
Ұйымның жұмысы 1996 жылы басталды, ол кезде құрамына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Ресей мен Тәжікстан болды. Араға 5 жыл салып, аталған елдер қатарына Өзбекстан қосылды. Сол кезден бастап «бестік» Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы деп аталды. Бүгінде 9 мемлекет мүше, 3 бақылаушы және 14 диалог жөніндегі серіктес ел бар. Әлем халқының 45 пайызын қамтиды. Жалпы ішкі өнімнің 25 пайызы мен сауда-саттықтың 15 проценті де осы ұйымға мүше мемлекеттерге тиесілі. Осыдан-ақ халықаралық саяси аренадағы орнын бағамдауға болады.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:
Мемлекеттердің мүдделерін бір-біріне жақындастыру, түсіністік қалыптастыру деген сияқты мәселелер үшін таптырмас ұйымның бірі. Сондықтан менің ойымша Қазақстанның төрағалығы да өзіміздің Қазақстанның есебін мүддесін қорғауға тағы бір мүмкіндік ашатын оны басқа да аймақтық немесе жаһандық күштердің ықпалын теңестіру мақсатында да біз үшін маңызды ұйым.