Щучинск қаласында Мазут арыққа ағып жатыр
Ақмола облысы Щучинск қаласында жылу қазандықтарынан төгілген мазут арыққа ағып жатыр. Су арнасының ластануына алаңдаған тұрғындар әлеуметтік желіге бейнежазбалар жариялап, тиісті мекемелерден көмек сұрады. Жауаптылардың мәліметінше, арыққа аққан лас су өзен-көлдерге құйылмайтын көрінеді. Ал мұндай жағдайға мекеменің 8 тонна сұйық отынды абайсызда төгіп алуы себеп болған. Сол кезде қызметкерлер оны жерге көміп қана амалдаған. Дегенмен, биыл орманнан келген қар суы арыққа ағып, сай-саланы толтырғандықтан мазут жер үстіне шыға бастаған. Мұндай олқылыққа жол берген жылу мекемесі енді айыппұл төлейді.
Асхат Ілдебаев, серіктестік директоры:
Экология департаменті бізге енді тапсырма берді. Ремедиация жоспарын құрастыруға. Сол жоспарды біз 1-ші шілдеге дейін тапсыруымыз керек. Оны қолдағаннан кейін арықты тазалау жұмыстары басталады.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01