Атырауда тұрғындар жарықсыз қалды
Атырауда қатты жел мен нөсер жаңбырдан кейін көшелер суға толды. Екпіні күшті жел тіпті электр бағаналарында жұлып әкетті.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Біз қазір Гагарина және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында тұрмыз. Көріп тұрғандарыңыздай қатты жел мен нөсер жаңбырдың салдарынан көшелер суға толды. Үш бірдей осындай электр бағаналары құлады. Салдарынан қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды. Қазір авариялық-жөндеу бригадасы электр энергиясын беруді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Сауда орталықтарында да төбеден аққан су жайылып кетті. Кейбір жерлерде бағдаршам да істен шыққан. Қазір мамандар су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал Жеңіс саябағында отбасымен серуенде жүрген 7 жасар баланың үстіне ескерткіш құлаған. Ауруханаға ауыр халде жеткізілген баланы дәрігерлер құтқарып қала алмады. Жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты қыза түсті
14.06.2026, 20:38
Былтыр Байқоңыр ғарыш айлағына 2 мыңнан астам турист келген
14.06.2026, 20:35
Балабақшада видео түсіру тәрбиешілерге артық жүктеме емес пе?
14.06.2026, 20:30
Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолы қандай?
14.06.2026, 20:20
Баспана құны жоғары, сұраныс төмен: Тұрғын үй нарығын не күтіп тұр?
14.06.2026, 20:18
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
14.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
14.06.2026, 13:48
Мал шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі
14.06.2026, 12:19