Солтүстік Қазақстанда 4 мың гектардан астам жер шегірткеге қарсы өңделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда 4 мың гектардан астам жер шегірткеге қарсы өңделеді

18.06.2024

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында үйірлі шегіртке тіркелді. Егістік алқаптарын зерттеген мамандар италиялық прустың дернәсілдері табылмағанын айтып отыр. Сондықтан, қауіп жоқ. Зиянкстердің көбеюіне көктемнің кеш келуі және маусым айының алғашқы онкүндігінің салқын болуы кедергі келтірген. Дегенмен, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары және Ресей Федерациясымен шектесетін аудандарда орналасқан егістік алқаптары бақылауға алынды. Жалпы, өңірде 4 мың гектардан астам жер, шегірткеге қарсы өңделеді.

Зура Кенжеғалиева, «Фитосанитариялық диагностика және болжам орталығы» РММ филиалы жетекшісінің орынбасары:

Үйірлі шегіртке өте қауіпті зиянкеске жатады. Уәлиханов ауданында италиялық прус анықталды. Саны көп емес. Сондықтан алқаптар уақытылы өңделсе, айтарлықтай қауіп төніп тұрған жоқ.


Хабарламаларға жазылу