Шымкенттік кәсіпкер 24 млн теңге субсидияны алаяқтықпен алған
Шымкенттік кәсіпкер ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны алу үшін алаяқтық әрекетке барған. Ол сүттің бағасын арзандату туралы өтінімге жалған ақпараттар енгізіп, мемлекеттің 12 млн теңгесін қалтаға басты. Оның мұндай қулығын қалалық прокуратура әшкереледі. Кәсіпкер сауылған сиыр сүтін өңдейтін кәсіпорындарға өткізуге міндетті болған. Алайда сүтті цехтарға жібермей, әр литріне мемлекеттен 20 теңге қолдау қаржыны алып келіпті. Ол осы алаяқтық әрекеті үшін қазір сот алдында жауап беріп жатыр. Жалпы осындай тәсілмен Шымкентте бірнеше фермер субсидия қаржыны негізсіз алып келген. Олардан 24 миллион теңге өндірілді. Осы іске қатысты әкімдіктің 6 қызметкері тәртіптік жаза алды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания құрамасы жартылай финалға өтті
11.07.2026, 20:09
Үй шаруасына арналған робот
11.07.2026, 20:08
Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды
11.07.2026, 20:07
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
11.07.2026, 20:07
«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
11.07.2026, 20:06
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
11.07.2026, 20:05
Саяси реформалар ел дамуына жаңа серпін береді
11.07.2026, 20:05
О.Бектенов «Болашақ ойындары 2026» турниріне дайындықты тексерді
11.07.2026, 20:05