«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның «Жыл таңдауы-2016» жобасына ойнатылған тегін билеттердің иегерлері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның «Жыл таңдауы-2016» жобасына ойнатылған тегін билеттердің иегерлері анықталды

10.11.2016
«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның «Жыл таңдауы-2016» жобасына ойнатылған тегін билеттердің иегерлері анықталды

16 қарашада Алматы қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Жыл таңдауы-2016» жобасы өтеді.

Бұл - шоу-бизнес көшіне енді ілескен жаңа есімдер, сахна саңлақтары, хит-парад төрінен алыстамайтын жұлдыздардың бас қосып, көрерменге есеп беретін кеші. Сонымен қатар, Қой жылының қорытындысы - үздік əн таңдалады.

Кештің шетелден келетін сыйлы қонағы - «Istersern» əнімен миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған түрік әншісі Бурай.

kaztrk.kz порталы  аталмыш кешке қатысып, жыл үздіктерін анықтауға атсалысқысы келетін көрермендер арасында билеттер ойнатқан болатын.

Ол үшін kaztrk.kz аккаунтында жарияланған суреттің астына «Байқауға қатысамын» деген пікір қалдырып, қатысушы парақшасындағы жазбада @kaztrk_kz аккаунты мен  #ЖылТаңдауы хэштегін көрсету міндетелді.

Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталды.

gulym.83 (5)

moldirzhann (6)

saymanov.nurbek (7)

t.zulfia97 (8)

aiym_zhumabek (9)

madalieva_t (10)

Ойынға қатысқан әрбір үміткерге екі билеттен табысталады. Белсенділік танытып, шоуды тегін тамашалау мүмкіндігіне ие болған оқырмандарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Шараның басталуы: 18:00-де.

Хабарламаларға жазылу