Мектептерде әкелер кеңесін көптеп ашу ұсынылды
Мектептерде әкелер кеңесін көптеп ашу ұсынылды. Бұл туралы әкелер күніне орай Астанада өткен қалалық форумда айтылды. Шарада отбасы институтын сақтау мен нығайтудың негізгі тетіктері талқыланды. Әкелерімен бірге еріп келген дарынды ұландар өнер көрсетті. Балғындардың қылқаламынан туған суреттер көрмеге қойылды. Форумға қатысушылар білім ұйымдарындағы әкелер кеңесі - тәрбиенің қайнар көзі екенін айтады.
Мақсұтбек Айтмағанбет, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Әкелер кеңесі бар мектептердің жағдайы жақсарып келе жатыр. Әкелер өздерінің осы отбасындағы тәжірибесімен бөлісуі мүмкін, балаларды тәрбиелеуге қазір құштар. Қазақта мынадай сөз бар. Абайдың биіктігі – Құнанбайдың иығы деген. Демек, Абай сияқты ұлдардың осы қоғамға келуі үшін, Құнанбай сияқты болуы керек. Бірақ, Құнанбайдай болу үшін біз өзімізді дұрыстауымыз керек.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелден келетін туристер саны 4 миллионға жетуі мүмкін
09.06.2026, 20:09
Сарапшы: Шекті соманың өсуі – болашақ зейнетақының кепілі
09.06.2026, 20:08
Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
09.06.2026, 20:06
Сталкинг пен некеге мәжбүрлеуге қарсы күрес күшейеді
09.06.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
09.06.2026, 20:01
Абай облысына тартылған инвестиция көлемі 19,4 пайызға өсті
09.06.2026, 20:00
Бадам өзенінің жағасын ел болып тазалады
09.06.2026, 17:35
Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді
09.06.2026, 17:30