Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында теңге ілуден топ жарды
Теңге ілуден бірінші Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік атанды. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында Алматы облысында өткен сары құрлық 10 елдің спортшылары бақ сынады. Жарыс теңге ілудің «Бес белес», «Қос құлаш» және «Жеті құт» секілді үш түрінен өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, халықаралық чемпионатың мақсаты – ұлттық ойынымызды өзге елдерде де танымал ету. Біріншілікте Қырғызстан мен Моңғолияның спортшылары жақсы ойын көрсетіп, қазақстандық спортшыларға басты бәсекелес болды, деді.
Амангелді Әбдіқадыров, Халықаралық Теңге ілу федерациясының президенті:
Осы өтіп жатқан жарыс көшпенділер ойындарына дайындық бір түрі десек де болады. Өйткені, арасында бұған тәжірибе керек, ептік керек. Сондықтан, әр жарыс өткен сайын бұл жерде спортшылар тәжрибе алады деген сенімдеміз.
Алый Назаров, қатысушы:
Мен Қырғыз Республкиасынан келіп отырмын. Теңге ілу жарысына бірінші рет қатысып отырмын. Жарыс ұнады, қазақ бауырларымыз жақсы дайындалған екен.
Аслыбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық реформа – ауқымды өзгерістің бастауы
23.01.2026, 21:09
60 мың тонна қоқыс қайта өңделді
23.01.2026, 20:39
Спорт саласының мамандары біліктілігін арттырып жатыр
23.01.2026, 20:34
Тұрғындар ауылдың дербес бюджеті болғанын қолдайды
23.01.2026, 20:30
Президент: Мәдени мұраларымыз жаһандық деңгейде танылуы тиіс
23.01.2026, 20:29
Жекеменшік мектептерді қаржыландыру қалай реттелмек?
23.01.2026, 20:20
«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша квота саны артты
23.01.2026, 20:17
Ауданның инфрақұрылымын дамытуға 61,8 млрд теңге инвестиция тартылды
23.01.2026, 20:16