Жастар жаратылыстану бағытына бет бұрған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар жаратылыстану бағытына бет бұрған

08.06.2024

Инженерия, су ресурстары мен ауыл шаруашылығында кадр тапшы. Еңбек министрлігінің дерегінше, соңғы кезде тіпті денсаулық сақтау, білім беру салаларында да маман жетіспейді. Сондықтан биыл түлектердің таңдауы қай бағытқа түскені зерттелді. Білім саласындағы мамандар зерттеуіне сүйенсек, түлектер көбіне гуманитарлық бағыттағы салаларды таңдайды. Бірақ, соңғы жылдары жастар жаратылыстану бағытына бет бұрған. Мәселен, Астанадағы мектептердің бірінде түлектің 90 пайызы техника, инженерия, математика және айти сынды салаларға таңдау жасапты. Гуманитарлық бағытты таңдаған бала саусақпен санарлық.
Жазигүл Бодаева, К. Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейі директорының орынбасары:
Оның ішінде көбінде инженерия, IT бағытында балалар көп таңдап отыр. Индустрия бойынша жаңағы машина жасау сынды сол жаққа балалар барып жатыр. Олармен жеке сөйлескенде олардың айтатыны оған грант көп бөлінеді.
Түлектер мұндай мамандыққа жоғары сұраныс бар және жалақысы жоғары дейді.
Тұрсынбай Иманғали, К.Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінің түлегі:
Жалпы мен өзім кіші жасымнан бері материамтика, физика және инженерияға қызықтым. Сондықтан мен болшақта математика инженерия саласында жұмыс жасағым келеді. Қазір бұл мамандыққа сұраныс жақсы.
Нұрислам Ибадулла, К.Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінің түлегі:
Болашақта мен педагогика саласы, яғни, ұстаздыққа барып жатырмын. Себебі ұстаз ұлт келбеті. Сондықтан бұл мамандық сұранысқа ие. Және сол ұстаздықтың ішінде математика пәніне барып жатырмын.
Жоғары білім министрілігі жастарды техникалық мамандықтарға бейімдеу үшін биыл 19 мыңнан астам грант бөлінген. Болжам бойынша, қаржы 100 пайызға игерілуі тиіс. Ал, ауылшаруашылығы мен су саласына бөлінген грант саны толық пайдаға аспауы мүмкін.
Жанна Есенбаева, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті төрағасының орынбасары:
Конкурстың нәтижесінде су саласына талапкерлер көп таңдай бермейді. Жалпы бұл салаға биыл 600-ден астам грант бөлінеді. Былтырда грант саны осы көлемде болды. Өкінішке орай бұл гранттардың 50 пайыз шамасында ғана игеріліп отыр. Бұл жерде біріншіден қызығушылық танытпайды.
Яғни, жастар ауыл шаруашылығы мен су ресурстары саласына қызықпайды. Себебі, бұл мамандық иелерінің жалақысы төмен, жұмысы ауыр. Демек, елдегі мәселесі ең өзекті саладағы маман тапшылығы әзір шешілмейтін секілді.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу